Биылғы жыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы. Осыған орай, Кеңес Одағының батырлары мен бірнеше медальдармен марапатталған Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің есімдерін әкімшілік-аумақтық бірліктерге, олардың құрамдас бөліктеріне және объектілерге тоқтамнан тыс атау беру бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының 2015 жылғы 16 сәуірдегі №20-56/И-204 тапсырмасына сәйкес нысандар мен көшелерге атау берілді. Атап айтқанда, Бәйдібек, Қазығұрт, Мақтарал, Ордабасы, Сайрам, Сарыағаш, Созақ, Түлкібас, Төлеби, Шардара аудандарындағы білім және мәдениет мекемелері мен әкімшілік-аумақтық бірліктерге, олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау жөнінде келіп түскен 30 ұсыныс (8 мектеп,1 мәдениет үйі, 18 көше, 1 саябақ, 2 елдімекен) қаралып, талқыланды. Нәтижесінде, 7 мектептің, 16 көшенің, 1 саябақтың ұсыныстары оң шешімін тауып, қалған 1 мектеп, 1 мәдениет үйі және 2 көше, 2 елді мекеннің құжаттары шешімін таппай кері қайтарылды. «Осындай әлеуметтік нысандарға отан үшін қан кешіп, жастық шағын құрбан еткен ардагерлеріміздің есімін беру жастарымызға тәрбиелік маңызы бар. Ұлы Отан соғысының ардагерлерін бүгінгі жастарға кеңінен насихаттап, батыр аталарымызды есімізге мәңгі сақтауымыз қажет», - деді Е.Айтаханов.
03:30, 09 Желтоқсан 2015
ОҚО-да ономастика комиссиясы 16 көшенің атын өзгерту туралы ұсынысты мақұлдады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Облыс әкімінің орынбасары, облыстық ономастика комиссиясының төрағасы Е.Айтахановтың төрағалығымен облыстық ономастика комиссиясының кезекті отырысы өтті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.