Тергеу материалдары бойынша сотталушы Д.Исаев сот сараптама орталығында сот сараптама институтының сарапшысы лауазымын атқарып жүріп, өзінің жұмыс бабын пайдалану мақсатында аса ірі көлемде салмағы 435,84 грамм героин затын жымқырып заңсыз иемденіп сақтаған. Содан Д.Исаев өзінің А. есімді сыныптасына героин заты бар екендігін айтып, сатып алушы адам тауып беруін сұраған. Осыдан 16.03.2015 жылы А. есімді сыныптасының танысы ретінде ҚР ҰҚК-нің жасырын қызметкері Сергей есімімен героин затын сатып алатын жігіт ретінде таныстырып, 20 000 мың АҚШ долларға «Nissan-Patrol» автокөлігін бағалап айырбастауға келіседі. Содан 17.03.2015 жылы сағат 14:00 шамасында «Аян» автотұрағының аумағында, Д.Исаев 435,84 грамм героин затын Сергейге заңсыз өткізу барысында қолма-қол ұсталды.
Соттың үкімімен Д.Исаев кінәлі деп танылып, оған 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енбеген.