Жұмыстың алғашқы күнінде-ақ қорға аймақ кәсіпкерлерінен 40 млн. теңге түсті. Сондай-ақ көмек көрсету қорына аудан әкімдерінің бес күндік жалақысын аудару туралы шешім қабылданды. Қатардағы мемлекеттік қызметкерлер бір күндік жалақыларын аударды. Жалпы сома 110 млн. теңгеден асып жығылды. Атап өтейік, облыс әкімінің өкімімен қорға қаражат қатардағы ұстаздар мен дәрігерлерден алынбайды.
Естеріңізге сала кетейік, 12-13 қаңтарда ОҚО-ның Сарыағаш және Созақ аудандарының тұрғындары су тасқынынан және қатты желден зардап шеккен болатын.