Оқиға теміржолдың 3347 шақырымында сағат 15.35-те орын алған. Атап айтқанда, №208 жүк поезының электровозы (машинисты Боранбеков) осы теміржол станциясында жұмыс істейтін электр монтері, 1967 жылы туған азамат К.Әшірбеков пен электр механигі, 1966 жылы туған азамат А.Шопаевты басып кеткен. К.Әшірбеков алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапқан. Ал А.Шопаев алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң үйіне жіберілді.