Бұл жолы кездесуге Ұлы Отан соғысындағы әскери тұтқындардың ұрпақтары қатысты. Бұл буынның тағдыры қатаң. Сол кездегі саясаттың салқынын сезгендер «мен соғыс ардагерінің ұлымын» деп те, марқайып, масаттана алмады. 1991 жылы атқан Тәуелсіздік таңы ғана тарландардың тайлы тұяғына жеңілдік әкелді. Майдангерлер сол кездегі ортақ Отанды қорғады. Ерліктің жарқын үлгісін көрсетті. Елі үшін барын салды.
Бұл шараның мақсаты - соғысқа байланысты тұманды, күмәнді көрінетін деректерді жарыққа шығару, талай жыл тағдыр тезгісінен өткендерге жұбаныш сезімін сайлау. «Елім!» деген ерлердің адамдығы мен азаматтығы - бүгінгі өскелең ұрпаққа үлгі, өнеге. Өткенімізді еске алып, ел үшін басын бәйгеге тіккендерді ұмытпай, ұлықтау да - елдігіміздің белгісі.
11:13, 12 Желтоқсан 2016
ОҚО-да «Ұрпақтар сабақтастығы - ұлттың құндылығы» тақырыбында арнайы шара ұйымдастырылды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - «Ұрпақтар сабақтастығы - ұлттың құндылығы». «Серпіліс» қоғамдық қоры ұйымдастырған шара осылай деп аталады. Тағылымды кездесуде отты жылдары тұтқында болған ардагерлердің өмірі мен олардың ұрпақтарының көрген қиындығы кеңінен айтылды. Кездесуге қоғамдық ұйымдардың өкілдері, тарих пәнінің мұғалімдері, жалпы, тәуелсіз еліміздің тарихына бейжай қарамайтын азаматтар қатысты.