Бұл нысандардың құрылысына облыстық бюджеттен 1 млрд. 900 млн. теңге бөлінген. Кәсіпкерлік мектебінің маңыздылығы сол - бір ғимаратта барлық қаржы институттары мен әкімдіктің тиісті құрылымдық бөлімшелері орналасқан. Нәтижесінде, кәсіпкерге қажетті барлық қызмет түрлерін бір жерден алуға мүмкіндік жасалып отыр. Кәсіпкерлік мектептің ғимаратында 2 оқытушы класс, «бір терезе» қағидасы арқылы қызмет көрсететін операциалық зал және конференция залы қарастырылған. Аталған жаңа ғимараттар маусым айының соңында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Береке Дүйсебеков бүгінгі күні Кәсіпкерлік мектебі облысымызда озық технологиялар бойынша жұмыс жасап жатқан шаруашылықтармен мастер-класстар өткізу үшін 71 меморандум түзілгенін айтты. Сонымен қатар, мектеп әдістемелік жинақтар, жаңа технологиялар каталогы, фермердің анықтамалығы сынды бес кітап шығарды. Оңтүстік Қазақстанда жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту қолға алынып отыр. Өңірімізде жастар саны 800 мыңға жуық. Осы орайда, облыс әкімінің тапсырмасымен жұмыссыз жүрген жастарды осы мектеп арқылы оқытып кәсіперлікке бейімдеп, өз кәсібін ашуға қолдау көрсету жұмыстары атқарылуда. Жастардан бөлек облыста мектеп жасындағы балаларды сапалы біліммен қамтамасыз ету, сондай-ақ жасөспірімдер мен балалар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында көптеген шаралар атқарылуда.
22:07, 19 Маусым 2015
ОҚО-да жастарға арналған кәсіпкерлік мектептердің құрылысы аяқталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Оңтүстік» ақпарат орталығында атқарылған жұмыстар бойынша журналистерге баспасөз маслихатын өткізген Кәсіпкерлік мектебінің директоры Б. Дүйсебеков облыс әкімдігінің ұйытқы болуымен барлық аудан, қалаларда екі типтік үлгіде салынған кәсіркерлік мектептердің құрылысы аяқталғанын хабарлады, деп жазады ontustik.gov.kz.