Кездесу аясында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша сарапшы ауыл әкімдеріне және жергілікті қоғамдастық мүшелеріне жергілікті өзін-өзі басқару саласында болып жатқан өзгерістер, қабылданып жатқан заңнамалық актілердің негізгі ережелері, «Қазақстан Республикасында жергілікті өзі-өзі басқарудың құқықтық негіздері», жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық- экономикалық негіздемелері, жергілікті қоғамдастықтық жиналыстарының қызметін реттеу негіздері түсіндіріліп, сұрақ-жауап қойылып, қорытындыланды, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметінен.