«2009 жылы жылыжай шаруашылығының аумағы 124 гектарды құраса, бүгінде оның көрсеткіші 3 есе өсіп, жалпы аумағы 383 гектарды құрап отыр», - деп айтты ОҚО ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Қанатбек Оспанбеков. Сонымен қатар бұл республикалық көрсеткіш бойынша 70% құрайтынын атап өтті.
Қанатбек Оспанбеков жылыжайдың бірінші айналымынан 20 мың тонна өнім өндірілгенін тілге тиек етті. Жылдың аяғына дейін 25 мың тонна көкөніс өндіріледі деп күтілуде.