ҚР ТЖМ хабарлағандай, Көксаяқ ауылында 20 аула учаскесі, ал Леңгір қаласында 10 аула учаскесі су астында қалған. Төтенше жағдайдың салдарын жоюға ОҚО ТЖД жеке құрамның 85 адамы мен 4 техникасы және 1 мотопомпасы, жергілікті халықтан 110 адам мен 4 техникасы жұмылдырылған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Кеше кешке Жаңа ұйым ауылы маңында жауған нөсер салдарынан таудағы Леңгір өзені арқылы өтетін жуандығы 57 мм орташа қысымдағы газ құбыры 4 жерден зақымданған. Осының кесірінен 8 шкафтық реттеу пункті мен жеке сектордың 700 абонентіне газ жеткізілмей қалды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары бүгін таңертең басталды.