АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы 23 мамырда Қаржы полициясы агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің құрылыс басқармасы бастығының орынбасары А.Орманчинаға қатысты қылмыстық іс қозғады.
Оған 2013 жылдың 24 сәуір мен 3 мамыр аралығында бопсалау арқылы тұтынушы кооперативінің директорынан облыс аудандарында 3 емхана мен 1 мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңімпаз атану үшін 6 млн. теңге пара алды деген күдік келтірілуде.
«Қазіргі уақытта бұлтартпау шарасын тағайындау мәселелесі шешілуде», - делінген агенттік ақпаратында.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.