Өңір басшысының айтуынша, егіс көлемі 32 мың гектарға артып, 774,3 мың гектарға жетті. Ал суармалы жерлердің көлемін 292,0 мың гектарға ұлғайту бағытында 19 мың гектар іске қосылған. Бұдан бөлек, былтыр көкөніс пен бау-бақшадан жиналған рекордтық өнім 2 млн. тоннадан асты. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 150 мың тоннаға артық. Тамшылатып суару әдісі қосымша 6 мың гектарға енгізіліп, жалпы көлемі 27 мың гектарға жеткен.
Жалпы ауыл шаруашылығы бойынша қайта өңдеу көлемі 132 млрд. теңгені құрады. Сонымен қатар, 302 млн. доллардың ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталып, көрсеткіш 13% артқан.
Жиын барысында ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстарға тоқталған аймақ басшысы ауыл шаруашылығында кенже қалған мал шаруашылығын дамытудың 2014 - 2016 жылдарға арналған іс-шарасы бекітілгенін атап өтті. «Бұл жоба барлық деңгейдегі әкімдердің қатысумен талқыланды, нақты тапсырмалар берілді. Осыған орай, биылдың өзінде ауыл шаруашылығының егіс алқабы 805 мың гектарға (оның ішінде суармалы жер - 455 мың гектар) артады. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 31 мың гектарға артық», - деді әкім.