ОҚО-ның Сарыағаш ауданында өрт орнында 60 жастағы ер адамның денесі табылды

АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - 12 ақпанда сағат 09.50-де Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарығаш ауданы, Құркелес ауылдық округінің Жаңаарық кентінде орналасқан жекеменшік тұрғын үйіде өрт болды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Өрт сағат 11.00-де сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 9 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Жалын 63 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрттің салдарынан 60 жастағы ер адам көз жұмды.