Облыстың Сарыағаш ауданында жүзден астам аула зардап шекті. Созақ ауданында - екі мыңнан астам құрылыс бүлінді. Синоптиктердің мәліметтерінше, жел екпіні секундына 28 метрге дейін жетті.
Созақ ауданының Таукент кентінде 10 үй бұзылды. Оқиға орнында шығын сомасын анықтап, жұмыстарды белгілеп жүрген комиссия жұмыс істеуде. Алдын ала есептеулер бойынша, тек Созақ ауданында ғана шығын сомасы 810 миллион теңгеге жетті. Бүкіл аудан электр жарығынсыз қалды.
ТЖ-ды жою бойынша комиссияны ОҚО әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов басқаруда. Оның айтуынша, зардап шеккен аудандарда қалпына келтіру жұмыстары басталды. Оларға 12 құрылыс компаниясы қатыстырылғаны белгілі, олар жұмыстарына 15 қаңтар күні таңертең кіріседі. Зардап шеккен елді мекендер электр жарығын ала бастады, әкімдікте электр жарығымен қамтамасыз етуді үш күннің ішінде толық қалпына келтіруді уәде етті.