66 келіге дейін салмақ санатында А. Жаңбыров оңтүстіккореялық палуаннан жеңіліп, екінші орынды иеленді. Жарыстың бірінші айналымында палуан солтүстіккореялық спортшыны 8:0 есебімен жеңген. Келесі айналымда жапондықты 6:0 есебімен ұтты.
Жартылай финалда А. Жаңбыров Өзбекстан спортшысына мүмкіндік қалдырмай, 4:2 есебімен жеңіске жетті. Бүгінде оңтүстікқазақстандық Астанада таяуда өтетін чемпионатта ойналатын Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға лицензия алуға басты үміткерлердің бірі болып табылады.