Қазақстанның «Түрме индексі» аясында 50 мемлекеттің қатарынан шығу мақсатында прокурорлар бас бостандығынан айыруға байланысты жазалар тағайындауға елеулі назар аударуда.
ОҚО прокуратурасында 2015 жылғы 1-ші жартыжылдық жұмысының қорытындысы бойынша өткен алқа отырысының барысында қызметтің негізгі бағыттарының бірі экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа айыппұл түрінде жаза қолдануды қамтамасыз ету болды.
Мысалы, осы жылғы 6 айда 30 сотталушыға 239,1 млн теңге айыппұл салынды, оның 45 млн өндірілді. 189 қылмыстық іс бойынша 14 млн теңгенің 3 млн теңгесі өндірілді.