Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы сотының сайтында хабарланды.
«Сот үкімімен ағымдағы жылдың 28 тамызында жаяу жүргіншілерге арналған жерден өтпек болған азаматша Н.С.,-ті көлікпен қағып кеткен Х.Б айыпты деп танылды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жаяу жүргінші қаза тапты. Айыпталушыға абайсызда адам өлтіргені үшін айып тағылып, сот оған шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, сондай-ақ екі жылдық мерзімге көлікті жүргізуге тыйым салынды. Сотталушы жәбірленушінің өкіліне келтірілген материалдық және моральдық шығынды толық өтеді», - делінген хабарламада.