ОҚО заңсыз діни бірлестіктің басшысы балалардың денсаулығына зиян келтіргені үшін айыпталуда

ШЫМКЕНТ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Кентау қаласының тұрғыны ОҚО заңсыз діни бірлестігінің басшысы «Кришнаның санасы» діни бірлестігін құрғаны және басқарғаны, сондай-ақ кәмелетке толмаған үш баланың денсаулығына зиян келтіргені үшін айыпталуда.

2012 жылдан бастап 2013 жылға дейінгі кезеңде ОҚО тұрғыны өзінің тұрғын үйінде діни рәсімдер мен «кришнаиттардың» салт-жораларын өткізген, оған 1995,1996 және 1997 жылы туған балалар қатысқан. Соның салдарынан дені сау балалардың психикасы бұзылған.

Оған қатысты заңсыз қоғамдық және басқа бірлестіктерді құрды немесе оның қызметіне қатысты деген күдікпен (ҚР ҚК 337-бабы 1-бөлімі) қылмыстық іс қозғалды. Айыпталушы ешқайда кетпеу туралы қолхат алынып босатылды.