«Біз аталған сынақты Қазақстанның солтүстік аудандарында қозғалтқыштарының көлемі үлкен машиналарда өткіздік. Тәжірибе оны қолдану жанармайға жұмсалатын қаржыны 45-60 пайызға үнемдеп, қоршаған ортаға шығарылатын зиянды қалдықтарды азайтатынын көрсетті», - дейді бұл жобаны ОҚО-да іске асырып жатқан алматылық «Green Auto Service» компаниясының директоры Р.Исаев.
«Шымкент-инновация» ЖШС директорының орынбасары А.Жалғас аталған технологияны ОҚО еуропалық инвестициялық форумдардың бірінен сатып алғанын хабарлады.
Егер алты айға жоспарланған тәжірибенің қорытындыларына оң баға берілсе, бұл құрылғымен барлық қоғамдық көлікті жабдықтау ұсынылатын болады.