«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев домбыраны мектептерде балаларға үйрету қажеттігін айтты. Осыған қарай ұлттық өнерді насихаттау мақсатында оқушыларға арналған домбыра үйірмелерін көптеп ашуды көздейтін «Домбыра-дастан» жобасын жүзеге асыруды тапсырамын. Осылайша, маңғыстаулық оқушылар мектеп бітірген кезде кем дегенде 10 күйді үйреніп шығуы тиіс деп ойлаймын. Әрине, бұл шара жүзеге асырылса ата-аналар да риза болары сөзсіз»,-деді облыс басшысы конференция барысында.
Жиында облыс әкімі сондай-ақ оқулықтар сапасын көтеру, білім ошақтарын материалдық құндылықтармен жабдықтау, ұстаздардың біліктілігін арттыру сияқты білім саласына қатысты өзге де көптеген мәселелер турасында сөз қозғады.