Жоба бойынша, қаладағы № 3 трамвай бағытында «Балалық шақта оқитын құнды кітаптар» атты акциясы өтті. Онда елге танымал тұлғалардың балалық шақта қызыға оқыған әдебиеттері таныстырылып, жолаушыларды аталған кітапты оқуға үгіттеді.
«Әр бала әдепті, саналы, кішіпейіл азамат болып жетілуі үшін балалық шақта оқылатын құнды кітаптарды оқығаны жөн. Жақсы кітап адамды тәрбиелейді, жақсы ой салады», - дейді шараны ұйымдастырушылар.