деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, олимпиада қалашығында «асхана өте тар, ол қазірдің өзінде адамдарға лық толған, ал кейін (қалашыққа барлық спортшылар жиналған соң) не боларын білмейміз». Ригель «тағам түрлері де өте аз» екенін атады. «Мұндағылар тіпті еуропалық асхана дегенді білмейді де», - деді дәрігер.
«Бұл жерде калориясы аз тағамдарға барынша мән берген болса керек, бірақ тағам түрлері мен дәмінің сапасы біздердің көңілімізден шыға қойған жоқ», - деді ол.