деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жарыс жолында бірінші болып жүгірген С. Черепанов әріптесі А. Полторанинге эстафетаны он екінші болып берді. Полтаранин қашықтықты тамаша жүгіріп өтіп, оны бесінші болып аяқтады. Алайда Е. Величко медальға ілігетін тамаша мүмкіндікті пайдалана алмады, сөйтіп соңғы болып жүгірген Н. Чеботькоға эстафетаны он екінші болып берді. Соңғысы қанша тырысқанымен көш ұзап кеткен қарсыластарын қуып жете алмады. Сөйтіп мәре сызығын он бірінші болып кесті. Бұл жарыста Швеция құрамасы бірінші орын алып, олимпиада чемпионы атанды. Екінші және үшінші орындарды тиісінше Норвегия және Чехия құрамалары иеленді.