Өмірді ұзартуға ықпал ететін дағдылар аталды

МӘСКЕУ. Шілденің 20-сы. ҚазАқпарат - Ғалымдардың анықтағанындай, салауатты өмір сүру және белсенді ұзақ жыл жасау үшін нәбәрі төрт дағды қажет екен,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Бұлар - шылым шегуден бас тарту, күн сайын көкөністер мен жемістерді пайдалану, оңтайлы салмақты сақтау және аптасына 2,5 сағатқа дейінгі аз ғана дене еңбегімен айналысу.

45-тен 64-ке дейінгі жас аралығындағы американдықтардың 15,7 пайызын қамтыған жарияланған зерттеу нәтижелері олардың тек 8 пайызы ғана ұзақ өмір сүрудің осы алтын қағидасын сақтайтынын анықтады.