«Бүгін қоныстанушылар тек қана баспана емес, жұмысқа орналасу мүмкіндігін де алады», - деп атап өтті жаңа көшенің тұрғындарын құттықтау сөзінде облыс әкімі Ерлан Арын.
Павлодарға республикалық бюджеттен «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының үшінші бағытын - еңбек ресурстарының мобильділігін көтеру, қоныстанушылар үшін баспана салуды іске асыру үшін 483 млн. теңге бөлінген еді. Тағы 455 млн. теңге инженерлік-коммуникациялық желілерді салуға бөлінген.
Жалпы ауданы 157 шаршы метр екіпәтерлі тұрғын үйлерде автономдық жылу жүйесі, су құбыры және кәріз бар. Әрбір пәтерге үй іргесіндегі жер телімі тиесілі.
Ерлан Арын бұл күзде көшеде ағаштар отырғызылатынын, ал қысқа қарай барлық жаңа қоныстанушылар бес тонна көмірден алатындарын атап өтті.