Қазір компания қызметкерлері барлық стансалардағы турникеттердің бірін «Оңай» терминалымен жабдықтауды аяқтады. Енді жаңа билеттендіру жүйесі арқылы метро жолаушылары да жеңілдік карталарын пайдалана алады. Олардың ішінде студенттер - 50%, мектеп оқушылары - 50%, зейнеткерлер 50% жеңілдікпен, ҰОС ардагерлері тегін жүре алады. Айта кету керек, қарашаның 1-інен желтоқсанның 6-сына дейін жолаушылар «Оңай» көлік картасы арқылы 1732 рет қатынаған. Соның есебінен 100 960 теңге түсті. Жаңа электронды билеттендіру жүйесі 2016 жылдың алғашқы тоқсанында толығымен іске қосылады.
14:59, 07 Желтоқсан 2015
«Оңай» картасымен метро стансаларында да жолақысын төлеуге болады - Алматы
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаңа электронды билеттендіру жүйесі метрода да жұмыс жасайтын болды. Енді «Оңай» картасымен метро стансаларында да жолақысын төлеуге болады. Бұл туралы «Алматы көлік холдингі» ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.