Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті.
Оның атап өтуінше, экономиканың өсуі өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда өнеркәсіп өндірісін - 5,8, құрылыс жұмыстарын - 1,7, сауданы, көлік қызметтерін - 6,5 пайызға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілген.
«Өңдеу өнеркәсібі тау-кен өндірісі секторындағы 4,1 пайыздық өсіммен салыстырғанда 8,7 пайызға жылдам қарқынмен ұлғаюда. Бұл негізінен химия, резеңке және пластмасса бұйымдары, металлургия және машина жасау өнеркәсіптері есебінен мүмкін болды», - деді ол.
Сонымен қатар Қ.Келімбетовтың сөзіне қарағанда, өнеркәсіптік өндірістің өсуі барлық өңірлерде байқалады. Ең үлкен өсім Астана және Алматы қалаларында, Ақмола, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы облыстарында тіркелген.