«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық банктің бірлескен іс-қимыл жоспары аясында өңдеу өнеркәсібіндегі ШОБ субъектілерін жеңілдікпен қаржыландыруға 200 млрд. теңге бөлінді»,- деді ол.
Министр деректеріне сәйкес, 2016 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша револьверлік орналастыру есебінен 260 млрд. теңгеден жоғары сомаға 1 353 ШОБ жобасы қаржыландырылды.
«Бұл 740 млрд. теңге сомаға өнім шығаруға, 15 700-ден астам жұмыс орындарын құруға, 66,8 млрд. теңге бюджетке түсетін салық сомасын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді», - деді Қ.Бишімбаев.