Қаңтар-шілде айларында көмір мен лигнит өндірісі, азық-түлік өнімдері мен мен мұнай өңдеу өндірісі, металлургия, химия өнеркәсіптері мен машина жасау салаларының өнімдері артып отыр.
Облыста сондай-ақ, 36,8 миллион тонна тас көмір өндірілді, бұл 121,1 пайызды құрап отыр. Оған қоса 750 мың тонна ферроқорытпа өндірілді, бұл 138,9 пайыз көрсеткіш. Электр қуатының өндірісі -16,3 пайызға, бензин өндірісі - 24,1 пайызға, ұн өндірісі - 36 пайызға артып отыр.