ОРАЛ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 14572,2 мың тонна жүк тасылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осының 14492,2 мыңы автомобиль тасымалының үлесінде болса, 80 мыңы өзен көлігінің еншісінде. Жүк айналымы көлемі 738,0 млн. тонна-шақырымды құрады, бұл өткен жылғыдан 12,3 пайызға кем.
Жолаушылар айналымы 1,8 пайызға артып, 2389,3 млн. жолаушы-шақырымға жетті. Тамыздағы жолаушы айналымы 341,2 млн. жолаушы-шақырымды құрап, өткен жылғы осы айдағыдан 5,9 пайызға өсті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).