Өңірде 19,8 млрд. теңгенің азық-түлік өнімдері өндірілді
ОРАЛ. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында өткен жылы 19,8 млрд. теңгенің азық-түлік өнімдері өндірілді.
Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұл алдыңғы жылғыдан 7,3 пайызға жоғары. Өңірде сары май өндіру ? 2,8, алкогольсіз сусындар ? 1,7, жарма, шұжық ? 1,2 есеге, астық ? 16,7, ет және ет өнімдері ? 14,3, сыра ? 10,4, макарон, минералды сусын ? 11,3, жаңа пісірілген нан ? 8,4, макарон өнімдері 5,8 пайызға өсіп отыр.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).