Өңірде 4,6 млрд. теңгенің азық-түлік өнімдері өндірілді

ОРАЛ. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы бірінші тоқсанда 4,6 млрд. теңгенің азық-түлік өнімдері өндірілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Жалпы өңдеу өнеркәсібінде 13,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілсе, осының үштен бірінен астамы немесе 34,1 пайызы азық-түлік өнімдерінің үлесіне тиеді. Өткен жылғы үш аймен салыстырғанда, күнбағыс майы - 5,8, балық - 2 есеге, ірімшік пен сүзбе - 27,1, макарон - 16,0, сүт өнімдері - 15,7, шұжық 1,5 пайызға өсті.