Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, бұл 2009 жылғымен салыстырғанда, 98,3 пайызды құрайды. Өткен жылы егістік алқабы 717,2 мың гектар болды, бұл 2009 жылғыдан 29,3 мыңға немесе 3,9 пайызға кем. Қуаңшылыққа байланысты дәнді дақылдар өнімі 47,9 пайызға қысқарып, 76,3 мың тонна болса, картоп - 45,7 мың тоннаны (16,8 пайызға аз), көкөніс өнімі 39,8 мың тоннаны (8,2 пайызға кем) құрады. Есесіне майлы дақылдар 2 есеге өсіп, 7,7 мың тоннаға, бау-бақша дақылдары 2,5 пайызға көбейіп, 19,0 мың тоннаға жетті.
Өңірде бір жылда тірілей салмақпен алғанда 77,5 мың тонна ет, 236,5 мың тонна сүт, 130,1 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, сәйкесінше 2009 жылғыдан 0,2, 1,3 және 15,6 пайызға өсті.
Облыстағы мал саны да қалыпты деуге болады. Қазіргі кезде 420,7 мың ірі қара (98,2 пайыз), 667,4 мың қой (105,3 пайыз), 174,6 мың ешкі (97,3 пайыз), 71,9 мың жылқы (110,3 пайыз), 3,5 мың түйе (100,7 пайыз), 27,4 мың шошқа (103,9 пайыз), 956,1 мың құс (102,0 пайыз) санаққа іліккен.