ОРАЛ. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында басқару аппараты шығындарын қысқарту есебінен үнемделген қаржы әлеуметтік салаға жұмсалатын болады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің сөзіне қарағанда, Елбасы Жарлығына сәйкес әкімшілік ғимараттарға жөндеу жүргізуге, қымбат мүлік пен шетелдік көлік алуға тыйым салынған. Сондықтан бұдан үнемделген 250 млн. теңге әлеуметтік саланы көтеруге беріледі.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).