Өңірде бөлшек сауда айналымы 15,9 пайызға артып, 17,3 млрд. теңгеге жетті

ОРАЛ. 26 наурыз. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы екі айда бөлшек сауда айналымы көлемі 15,9 пайызға артып, 17,3 млрд. теңгеге жетті.

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, биылғы ақпандағы бөлшек сауда көлемі өткен жылдың осы айымен салыстырғанда, 16,4 пайызға өсті.

Биылғы екі айда сауда кәсіпорындары 7,7 млрд. теңгенің тауарын өткізді, бұл былтырғыдан 23,2 пайызға көп.

Облыстың бір тұрғынына шаққанда орта есеппен 28,5 мың теңгенің тауары сатылды.

Жалпы бөлшек сауда айналымының 79,3 пайызы Орал қаласына тиесілі.