ОРАЛ. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында өрт қауіпсіздігіне байланысты көңіл көтеру орындары, соның ішінде ірі сауда орталықтары тексеруден өткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі төтенше жағдайлар департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Пермьдегі қайғылы оқиғадан кейін барлығы 112 нысан тексеріліп, 521 ереже бұзушылық анықталды. 65 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 735420 теңге айыппұл салынды. БҚО бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа бір талапарыз жолданды. Сондай-ақ өрт қауіпсіздігін сақтамаған ғимараттар жұмысын тоқтатуға қатысты алты материал әзірленуде.
Базарларда рұқсатсыз сатылған пиротехникалық бұйымдарға да барынша тосқауыл қойылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).