15:24, 18 Сәуір 2009
Өңірде орташа жалақы 61740 теңгеге, ірі және орта кәсіпорындарда 64905 теңгеге жетті
ОРАЛ. Сәуірдің 18-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында ақпанда бір қызметкердің орташа жалақысы 61740 теңгеге жетті, бұл өткен жылғы осы айдағыдан 24,5 пайызға жоғары,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Сондай-ақ нақты жалақы көлемі де осы кезеңде 15,4 пайызға өсті. Ірі және орта кәсіпорындарда орташа еңбекақы 64905 теңгені құрап отыр. Жалақының өсуі экономиканың барлық саласында байқалып отыр. Ең жоғары жалақы жылжымайтын мүлікпен жұмыс, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсету мен құрылыс саласында сәйкесінше 125709 және 121736 теңгеге жетсе, ең төменгісі - ауыл шаруашылығы, аң және орман шаруашылығы қызметкерлерінде (30296 теңге) болып отыр.