ОРАЛ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында ірі және орта кәсіпорындардағы жалдамалы қызметкерлер саны 112,4 мыңға жетіп, 4,3 пайызға көбейді.
Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, әсіресе жалдамалы қызметкерлер мейманхана мен мейрамхана саласында ? екі есеге, құрылыста ? 17,3, қаржы қызметінде ? 8,7, коммуналдық, әлеуметтік және дербес қызметте 5,8 пайызға артып отыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).