ОРАЛ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстанда жұқпалы аурулардың алдын алу бағытында шаралар алынуда,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жаз басталысымен жұқпалы ішек ауруларының өрши түсетіні белгілі. Өткен жылы осы дерттен 12 адам көз жұмса, соның тең жартысы - балалар. Сондай-ақ вирусты гепатит, Тәжікстанда тіркелген полиомелит дертіне тосқауыл қою да айрықша маңызды. Бұл орайда өзге елдерден келетін адамдар назардан тыс қалмауы тиіс. Оларды да алдын ала егу шараларын ұйымдастыру қажет.
Жұқпалы дерттермен күрес мәселесіне арналған аудандар мен қала дәрігерлері үшін арнайы семинар өткізіліп, онда жаңа технологиялар мен тың әдістер жайы кеңінен сөз болды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).