16:22, 07 Сәуір 2009
Өңірге танымал айтыс ақынының 80 жылдығы атап өтілді
ОРАЛ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Қазталов ауданы Тереңкөл ауылында өңірге танымал айтыс ақыны Нығмет Нағымовтың 80 жылдығына орай «От ауызды, орақ тілді Нығмет» атты кеш болып өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кеште ақын өлеңдері мен әзіл-қалжың, шымшымаларынан үзінділер оқылып, көзкөрген қариялар естеліктерін айтты. «Қазталов ауданы жастары кеңесі» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен Н.Нағымов атындағы жүлде белгіленіп, ауданда жыл сайын ақындар айтысын өткізіп тұру жөнінде шешім қабылданды.
Ауыл өнерпаздарының концертімен көркемделген шарада аудан әкімінің орынбасары Сәрсенбай Молдашев ақындық өнерді қастерлей білудің маңызы зор екендігін айтты.