Қазіргі кезде «Ақжайықэнергосауда» ЖШС директорының кеңесшісі қызметін атқаратын В.Кондратенконы ұжыммен бірге Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы төрағасының орынбасары Қуанышбай Төлебаев құттықтап, облыс әкімінің алғысхатын табыс етті. Сондай-ақ мерейтой иегерін Орал қаласының әкімі Самиғолла Оразов, табиғи монополияларды реттеу жөніндегі департамент директоры Нариман Төреғалиев құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Олар, әсіресе, Валерий Кондратенконың құрылыс саласында жемісті еңбек еткенін, сондай-ақ табиғи монополияларды реттеу департаментін абыроймен басқарғанын атап өтті.
11:04, 02 Қыркүйек 2010
Өңірге танымал басшының 70 жылдығы аталып өтілді
ОРАЛ. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында басшылық қызметтер атқарған Валерий Кондратенконың 70 жылдығы аталып өтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.