«Өңірлік даму картасы экономиканы әртараптандырудың және өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін анықтаудың, олардың бәсекеге қабілеттілігін нығайтудың қуатты аспабы болуы тиіс. Экономиканы индустрияландыру және әртараптандыру - Н. Назарбаев мемлекетті нығайту үшін айқындаған негізгі институционалдық реформалардың бірі болып табылады», - деді ол.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы индустрияландырудың екінші бесжылдығын іске асыру үшін басымдық бизнесті белсенді тартуға берілуі қажеттігін айтты. Аумақтық кластерлер құру мәселесі сөз болды. Атап айтқанда, Атырау облысында құрылыс материалдарын шығаратын кластер және балық кластері құрылмақ. Карта әзірлеу кезінде жергілікті қамту, оның ішінде кепілді өткізу, отандық тауар өндірушілер үшін ұзақ мерзімді келісімшарт мәселелері ескеріледі», - деп мәлімдеді Т. Құлыбаев.