«Жасыл» инновациялар мен жобаларды іріктеуге арналған «Online Expo-2017» республикалық байқауы ЭКСПО-2017 көрмесіне ғалымдар, өнертапқыштар мен инновациялық кәсіпкерлерді қатыстыру үшін өткізілуде. Байқау қазақстандық өнертапқыштарға өз жобаларын жұртшылық назарына ұсынып, өнертабыстардың өндіріске ендірілуіне қозғау салады деп күтілуде. Байқау ЭКСПО-2017 көрмесі басталғанға дейін жыл сайын өткізілетін болады, оның қорытындысы бойынша 2015, 2016 және 2017 жылдары болатын Болашақ энергиясы форумы шеңберінде шағын ЭКСПО көрмесін ұйымдастыру жоспарланып отыр.
"Бүгiнде Онлайн-ЭКСПО байқауына 450 өтiнiш келiп түстi. 80 жобаның тәжiребелiк үлгiлерi бар. Байқаудың бiрiншi кезеңiнде 20 алдыңғы қатарлы технологиялар әлемдiк деңгейде бәсекелесе алады", - дедi ол.