деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, ономастика тек жер, су, қала аттарына қатысты мәселе емес. Бұл саланы әлі зерттеу қажет. «Бұл бағытта соңғы үш жылда біршама қаржы бөлініп, 30-ға жуық ғылыми-зерттеу анықтамалықтары шығарылды. Сондай-ақ 14 облыс пен Астана және Алматы қалалары бойынша ономастикалық қосымша анықтамалық ретінде жеке жеке кітап басылып шығарылды. Биыл министрліктің тапсырысы бойынша қазақша, орысша, ағылшынша үш тілде жер, су атауларының анықтамалығын және қазақ есімдерінің анықтамалығын көп таралыммен шығару жоспарланып отыр», деді комитет төрағасы.
Оның сөзіне қарағанда, осы бағыттағы іс-шаралардың бірі ретінде Жер ресурстары агенттігі әр облыс бойынша Қазақстанның географиялық атауларының мемлекеттік каталогы мен мемлекеттік тілдегі топографиялық картасын дайындауды жалғастыруда.