18:53, 06 Сәуір 2009
«Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына берілген кәсіпорындардың табысы арта түсті
ШЫМКЕНТ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына берілген кәсіпорындардың табысы арта түсті. Бұл туралы «Оңтүстік» ӘКК» ұлттық комппаниясы» АҚ басшылығының еншілес және бағынышты ұйымдарымен өткізген кеңесінде айтылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның 2008 жылғы қызметіне талдау оның құрамына енген ұйымдардың 4 миллион теңге көлемінде таза пайда тапқанын көрсетіп отыр. ӘКК бірқатар компанияларының табыстары да арта түсті, соның ішінде: «Әуежай-Шымкент» АҚ-да ? 77 пайызға, «Алтынтөбе» ЖШС-де ? 75 пайызға, «Ақсу-Жабағылы» шипажайы» ЖШС-де ? 72 пайызға, «Сарыағаш» шипажайы» ЖШС-де ? 5 пайызға, «Біргүлік» шипажайы-профилакторийі» ЖШС-де ? 16 пайызға, «Тұран-құрылыс» ЖШС-де ? 13 пайызға, «Тараздизайнжоба» ЖШС-де ? 217 пайызға өскен.ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бұйрығына сәйкес ӘКК меншігіне 28 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мемлекеттік үлесі мен 3 акционерлік қоғамның мемлекеттік акциялар топтамасы берілген. Олардың 8-і ? Жамбыл облысында, 1-уі ? Қызылорда облысында, 19 кәсіпорын ? Оңтүстік Қазақстан облысында.Кәсіпорындардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы бағытында. Сонымен қатар ӘКК активтерінде жобалау-іздестіруге мамандандырылған кәсіпорындар, шипажай-курорттық ұйымдар, базарлар, бір кен-металлургия кешені бар. Кеңесте «Оңтүстік» ӘКК басшысы Қайрат Айтуғанов ӘКК іс-қимылының басты мақсаттары ? кластерлік өндірісті дамыту жолымен еңбек өнімділігін арттыру, жаңа технологияларды енгізу, берілген активтерді оңалту, қайта құрылымдау және оларды жаңа бәсекеге қабілетті өндірістер мен технологиялар негізінде дамыту екенін атап көрсетті.ӘКК-ге берілген кәсіпорындар қызметкерлерімен «Мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде заң бұзушылыққа жол бермеу» тақырыбында үш күндік семинар өткізілді. ӘКК-нің мемлекеттік акциялар топтамасы «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорына берілуіне байланысты сатып алулардың бірыңғай ережелері енгізілді.