«Нұр Отан» ХДП ОҚФ төрағасының бірінші орынбасары Ұласбек Сәдібеков хабарлағандай, акцияның бір аптасында ОҚО халқы 40 тонна гуманитарлық көмек жинаған, оның ішінде дәрі-дәрмек, азық-түлік, киім, бірінші кезекте қажет болатын заттар бар. «Сонымен қатар, зардап шеккен халық атына ашылған есепшотқа 20 млн. теңге аудардық», - деді Ұ.Сәдібеков.
17:19, 26 Сәуір 2011
Оңтүстік халқы БҚО-ға гуманитарлық көмек тиелген жүк керуенін жіберді
ШЫМКЕНТ. 26 сәуір. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - «Нұр Отан» ХДП Оңтүстік Қазақстан филиалының бастауымен облыс халқы жинаған гуманитарлық көмек тиелген жүк керуені бүгін су тасқынынан зардап шеккен еліміздің батыс өңіріне жөнелтілді.