Баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабы (алаяқтық) 3-тармағына, 24-бабы 3-тармағының «г» тармақшасына сәйкес қозғалған.
«2013 жылдың 16 қаңтарында алдау және сенімге қиянат келтіру жолымен полиция қызметкері азаматша К.-дан 90 000 теңге сомасында пара алу барысында ұсталды. Ол аталған азаматшаның баласын қылмыстық жауапкершілікке тартпауға уәде еткен», - делінген баспасөз хабарламасында.