Оңтүстік Қазақстан облысы шегірткемен күреске әзірленуде

ШЫМКЕНТ. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысында шегірткемен күреске қатыстырылатын барлық қызметтер толық әзір екендіктерін баяндады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Сарыағаш ауданының Бірлік кентінде өткен семинар-кеңеске облыстың барлық аудандарының әкімдері, фитосанитарлық қауіпсіздік басқармасының өкілдері, ғалымдар қатысты. Мамандардың ұсынысымен биыл 155 мың гектар алқап химикаттармен өңделеді. Препараттар сатып алынды, оны шашу 37 техниканың және 2 ұшақтың көмегімен жүргізіледі. Оған 400-ге жуық адам тартылады. Осы шараларға республикалық бюджеттен 60 млн.теңге бөлінді.«Биыл ауа райы жағдайларына байланысты балаңқұрттар кешірек жетіледі. Жәндіктердің бір шаршыметрдегі саны 5-еуден асқанда өңдеуді бастаймыз», - дейді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасының бастығы Қайрат Әбдіуәли.Облыс әкімдігі жанында бұл жұмыстардың барысын бақылайтын штаб құрылды.