Оңтүстік Қазақстан облысында ер азамат пойыздың астына түсіп кетті - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 24 наурыз. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында ер азамат пойыздың астына түсіп кетті, қазір оның кім екендігі анықталу үстінде,

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Ордабасы ауданының жер аумағындағы Бадам стансасында абайсызда №2104 жүк пойызының астына түсіп кеткен ер азамат қаза тапты. Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлап отырғандай, ол «жасы 30-35 шамасындағы еуропалық нәсілді ер азамат».