деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Төтенше оқиға 23 наурыз күні сағат 10.00 кезінде болған. 350 миллиметрлік жоғары қысымды магистральды газ құбырында газ құбыры жарылған. «Нәтижесінде Тоғыс, Маятас, Елтай ауылдарының және Ленгір қаласының тұрғындары - 6 394 абонент газсыз қалды», - делінген ақпаратта.
Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлап отырғандай, кеше кешкісін сағат 18.20 кезінде апаттық-жөндеу жұмыстары аяқталды.