Білім басқармасы басшысының айтуына қарағанда, Ұлттық бірыңғай тестілеу қортындысы бойынша 21139 оқушының 126 оқушысы түрлі себептер бойынша тестке қатыспаған. Ал 8 оқушы ҰБТ ережесін бұзғаны үшін аудиториядан шығарылған.
«Облыстағы орташа балл 72,50 болып отыр. Былтыр 66,89 балл болатын. Яғни, былтырғыға қараған биыл білім көрсеткіші артты. Облыстағы ең жоғары 125 балды жинаған М. Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған №8 гимназия түлегі Аида Ысқақ үлкен көрсеткішке қол жеткізді. Бүгінгі күнгі мәлімет бойынша республика бойынша ең жоғары балл жинаған 7 түлек бар», - деді А. Елшиева. Оның айтуынша, «Алтын белгіге» үміткер 1143 түлектің 328-сі өз білім деңгейлерін дәлелдеген.